Басты жаңалықЖаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы жылынады

12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде

Алдағы күндері күн жылына бастайды, деп хабарлайды NewsMedia.

12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде: солтүстік өңірлерде оң температура жақын байқалса, ал оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5…+10°С көрсетеді.

Астана

Астана қаласында 12 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.

Алматы

Алматы қаласында 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Шымкент

Шымкент қаласында 12-14 наурызда кей уақыттарда тұман болады.

Фото: Мassaget.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button