Басты жаңалықЖаңалықтар

Қандастар көшіп барған жерінде ресми жұмысқа тұруға міндеттелмек

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 6 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушылар мен қандастарды көшіп барған өңірде жұмысқа орналасуға міндеттеуді жоспарлап отыр. Жаңа талап азаматтардың өңірлерде тұрақтап қалуын арттыруға арналған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.  

Министрлік қоныс аудару бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін жаңа бұйрық жобасын әзірлеген. Ол «Ашық НҚА» порталында 6 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылған.

Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда қандастар тұрғылықты жерінде ресми жұмысқа орналаспайды, соның салдарынан өңірде тұрақтап қалмайды, керісінше қайтадан басқа облысқа көшіп кетеді. Қоныс аударушылар мен қандастардың көші-қоны жергілікті бюджеттерге салмақ түсіреді.

Осыған байланысты қоныстандыру өңірінде міндетті түрде жұмысқа орналасу талабын белгілеу, сондай-ақ жұмыспен қамтылғанын әлеуметтік аударымдар арқылы растау көзделеді, – делінген құжатта.

Яғни енді қоныс аударушылар мен қандастар жаңа өңірге көшіп барғаннан кейін міндетті түрде жұмысқа тұрып, әлеуметтік аударымдарды аудару арқылы ресми жұмыс істейтінін растап, сол өңірде тұрақтауы керек.

Фото: СІМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button