Спорт

«Sarbaz+»: Алматыда сарбаздар джиу-джитсудан өткен турнирдің жүлдегері атанды

Бұл — ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба

Джиу-джитсу бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров әскери қызметшілердің өнерін жоғары бағалап, қол жеткізілген нәтижелер «Sagadat Batyr» клубы мен әскери бөлім арасындағы ынтымақтастықтың тікелей жемісі екенін атап өтті, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Бүгінгі нәтиже — біздің меморандумның айқын көрінісі. Тоғыз сарбаздың барлығы нағыз жауынгерлік мінез көрсетті. Джиу-джитсумен небәрі бес ай бұрын танысқан жігіттер бүгін халықаралық деңгейдегі кәсіби спортшылармен тең дәрежеде күресіп, үш медаль иеленді. Бұл — үлкен жетістік. Біз Нариман Даулбаев екеуіміз олардың әлеуетіне сендік. Бұл жоба мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мүмкіндіктерін көрсету жолындағы маңызды қадам болды. — деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

«Sarbaz+» — ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба. Бағдарламаның мақсаты — мерзімді қызметтегі сарбаздарды джиу-джитсуға, дрондарды басқаруға, ағылшын тілі мен IT-дағдыларға үйрету.

Фото: Алматы әскери қызметшілері

Басқа жаңалықтар

Back to top button