ЖаңалықтарҚоғамЭкономика
1 сәуірден кейін коммуналдық тарифтер қалай өзгереді?
Сарапшылардың болжамынша, тарифтер бірден емес, кезең-кезеңімен өседі

2025 жылдың қазан айынан бері қолданыста болған коммуналдық тарифтерді көтеруге қатысты мораторий 1 сәуірден бастап күшін жояды. Бұл жарық, жылу және су сияқты қызметтердің қымбаттауына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Сарапшылардың болжамынша, тарифтер бірден емес, кезең-кезеңімен өседі. Орташа өсім 5–10 пайыз шамасында болуы ықтимал, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Әсіресе инфрақұрылымы тозған Солтүстік, Шығыс және Батыс өңірлерде тарифтердің көтерілуі жиіледі.
Үкімет өкілдері бұл қадамды инфрақұрылымды жаңғырту және коммуналдық қызметтердің сапасын сақтау үшін қажет шара деп түсіндіреді.


