Басты жаңалықЖаңалықтар

Биыл Қазақстанда әскери парад өтпейді

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өткізу жоспарланбаған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, дәстүрлі парадтың орнына ел көлемінде әскери-патриоттық және еске алу бағытындағы іс-шаралар өтеді.

Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр: ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілерді марапаттау, ардагерлерге құрмет көрсету, экологиялық акциялар, әскери оркестрлер шеруі, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, техника мен қару-жарақ көрмесі, “сарбаз ботқасы” акциясы, ашық есік күндері, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік бұл формат азаматтарды кеңінен тартуға және патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Фото: Ақорда

Басқа жаңалықтар

Back to top button