Дәл осылай деді

Мәжіліс «Сайлау туралы» заңның жаңа жобасын жасырын талқылап жатқан жоқ па? – Ауыт Мұқибек

Заң жобасы Мәжіліске өткен 2025 жылдың 19 тамызында келіп түскен

Қоғам қайраткері, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Ауыт Мұқибек facebook парақшасында «Сайлау туралы» заңның жаңа Конституцияға бейімдеп жасаған жаңа жобасының толық нұсқасын Мәжілістің сайтына ілдіріп қоюды сұрап, палата төрағасы Ерлан Қошановқа хат жазды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

Төрағасы Е.Ж. Қошанов мырзаға

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Мәжілістің сайтында «Сайлау туралы» заңға байланысты, Мәжілісте қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген ақпарат тұр.

Аталған Заң жобасы Мәжіліске өткен 2025 жылдың 19 тамызында келіп түсіпті.

Депутаттардың айтуына қарағанда, «Сайлау туралы» заңның жаңа Конституцияға бейімделіп жасалған жаңа жобасы қазіргі таңда Мәжілістің қарауына келіп түскен көрінеді, – дейді ол.

Осы орайда Ауыт Мұқибек «жаңа заң жобасын халыққа көрсетпей, жасырын талқылап жатқан жоқ па» деген күдігін де жасырмаған.

Өкінішке қарай, Мәжілісте қаралып жатқан 86 заң жобасының қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының аты болғанымен, оның толық мәтінін көре алмадық.

Осыған қарап, «Мәжіліс «Сайлау туралы» заңның жаңа Конституцияға бейімдеп жасаған жаңа жобасын халыққа көрсетпей, жасырын талқылап жатқан жоқ па?!» деген ойға қалдық…

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Сізден осы мәселені Өзіңіздің назарыңызға алып, аталған «Сайлау туралы» заңның жаңа Конституцияға бейімдеп жасаған жаңа жобасының толық нұсқасын Мәжілістің сайтына ілдіріп қоюыңызды сұраймын, – деп жазды қоғам қайраткері.

Фото: дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button