Жаңалықтар

Қазақстандықтар ақтаулық ерлі-зайыптының интимдік видеосын жаппай іздеп жатыр

Белгісіз Telegram-арналар «толық нұсқасын» ұсынамыз деп, қолданушыларды ақша төлеуге шақырып жатыр

Ақтауда «Хан» лақап атымен танымал шоумен жұбайымен бірге түсірген интимді видеосының желіге таралуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Олардың айтуынша, интимдік мазмұндағы бейне ешқашан жариялауға арналмаған. Шоумен видеоны жасырын файл ретінде сақтағанын, алайда оған үшінші тұлға – мобилограф қол жеткізіп, таратып жіберуі мүмкін екенін жеткізді.

Бұл хайп емес. Біз мұндай жолмен танымал болатындай ақымақ емеспіз. Видео жасырын файлда сақталған. Бәлкім, мобилограф ашып, таратып жіберген болуы мүмкін. Қазір осыны анықтап жатырмыз, – деді ол.

Шоуменнің жұбайы да қазақстандықтарға үндеу жасап, видеоны таратпауға және өшіруге шақырды. Оның сөзінше, бұл жағдай отбасыға ауыр соққы болып, психологиялық тұрғыда қиын әсер еткен. Әлеуметтік желіде бейтаныс адамдардан көптеген хабарламалар келе бастаған.

Ал желі қолданушыларының бір бөлігі керісінше, аталған видеоны іздеумен айналысып жатыр. Кейбірі пікірлерде байланыс нөмірлерін қалдырып, жазбаны жіберуді сұраған.

Сондай-ақ бұл жағдайды пайдаланып, пайда табуға тырысқандар да табылған. Белгісіз Telegram-арналар «толық нұсқасын» ұсынамыз деп, қолданушыларды ақша төлеуге шақырып жатыр.

Іздеу жүйелерінің мәліметінше, соңғы тәулікте «хан тамада әйелі» деген тіркес Google желісінде шамамен 5 мың рет ізделген.

Фото: әлеуметтік желіден

Басқа жаңалықтар

Back to top button