ӘлемЖаңалықтар

«Иранда ядролық қару болғанын қаламаймыз»: Трамп Си Цзиньпинмен келіссөз жайлы айтты

Еске салайық, АҚШ президенті 13 мамырда Бейжіңге соңғы тоғыз жылдағы алғашқы сапарымен барған

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин екі күнге созылған саммит аясында қорытынды келіссөздер өткізді, деп хабарлайды NewsMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

КЕЛІССӨЗ НӘТИЖЕЛЕРІ

Келіссөздер АҚШ пен Қытай арасындағы ірі сауда келісімдеріне қатысты үміт күшейген тұста және Иран айналасындағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігі артқан кезеңде өтті.

Трамптың айтуынша, тараптар Иран мәселесін де көтеріп, Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу жөнінде ұқсас ұстаным білдірген.

Біз Иран мәселесін де талқыладық. Бұл қақтығысты қалай аяқтау керектігі жөнінде көзқарасымыз өте ұқсас. Біз олардың ядролық қаруға ие болуын қаламаймыз. Бұғаздар ашық болғанын қалаймыз, – деді Ақ үй басшысы.

БЕЙЖІҢГЕ САПАР

Еске салайық, АҚШ президенті 13 мамырда Бейжіңге соңғы тоғыз жылдағы алғашқы сапарымен барған.

Әлемдік БАҚ жіті бақылап отырған бұл кездесу тек дипломатиялық протокол емес, Вашингтон мен Бейжің арасындағы жаңа саяси-экономикалық кезеңнің бастамасы ретінде бағаланып отыр.

Сапардың символикалық маңызы оның ұйымдастырылуынан-ақ байқалды. Қытай тарапы америкалық делегацияны жоғары деңгейде қарсы алып, халықаралық баспасөз орталығын алдын ала дайындаған. Бейжіңге АҚШ-тан жүзден астам журналист арнайы барған. Бұл – саммиттің әлемдік медиадағы салмағын көрсететін маңызды белгі.

ТРАМППЕН БІРГЕ КІМДЕР КЕЛДІ?

Бұл сапардың тағы бір ерекшелігі – Трамптың қасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бар. Бұл келіссөздердің тек экономикалық емес, геосаяси сипатқа да ие екенін көрсетеді.Сондай-ақ, Ақ үй басшысы ұлы Эрик және келіні Лара Трампты ерте барған. Бұл жолы президенттің жанында бірінші ханым Мелания Трамп болған жоқ.

Сапар құрамында америкалық ірі бизнес өкілдері де бар. Олардың қатарында кәсіпкер Илон Маск, Apple компаниясының басшысы Тим Кук және NVIDIA жетекшісі Дженсен Хуанг бар екені айтылуда. Бұл Бейжіңдегі келіссөздерде технология, жасанды интеллект және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері маңызды орын алатынын көрсетеді.

Фото: REUTERS

Басқа жаңалықтар

Back to top button