БЖБ бен ТЖБ-ны енгізген шенеуніктер жауап беруге тиіс – Мәжіліс депутаты
Оның айтуынша, бұл жүйені енгізуге қомақты қаражат жұмсалғандықтан, егер шешім қате болғаны анықталса, оны енгізген шенеуніктер жауап беруі керек

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан бас тарту мәселесіне қатысты пікір білдіріп, егер бұл жүйе тиімсіз деп танылса, оны енгізуге жауапты болған шенеуніктер есеп беруі керек екенін айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова кей сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалаудан (ТЖБ) бас тарту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл жүйені енгізуге қомақты қаражат жұмсалғандықтан, егер шешім қате болғаны анықталса, оны енгізген шенеуніктер жауап беруі керек.
Бүгін енгізіп, ертең алып тастай салуға болмайды. Мұндай шешім жан-жақты талдау, талқылау және сарапшылардың қорытындысы негізінде қабылдануы тиіс. Бұл бір адамның шешімі болмауы керек, – деді депутат.
Смирнова мұндай өзгерістердің себептері қоғамға ашық түсіндіріліп, “Неліктен бұл жүйеден бас тартылады?” және “Оны енгізгендер жауап бере ме?” деген сұрақтарға нақты жауап берілуі қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ депутат бұрынғы бес балдық бағалау жүйесінде іс жүзінде 3, 4 және 5 деген бағалар ғана жиі қойылғанын айтып, БЖБ мен ТЖБ-ның да белгілі бір оң тұстары болғанын жеткізді.
Фото: cdn.prod.www.spiegel.de



