Жаңалықтар

«Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілері Баянауыл ұлттық паркіне саяхат жасады

Павлодар облысындағы «Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілері «Senimen Sayahat» жобасы аясында Баянауыл ұлттық табиғи паркіне саяхат жасады. Іс-шараны «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Бүгінде «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі психологтарды, сарапшыларды, ағартушылық және әлеуметтік жобалар үйлестірушілерін, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі филиалдарды біріктіретін ауқымды экожүйеге айналды.

«Тілмен емес, тірлікпен іс қыл» қағидатын ұстанған бірлестік осы уақытқа дейін балаларды, жастарды және отбасыларды қолдауға бағытталған 20-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Ұйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі – тәлімгерлікті дамыту және өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерді қолдау. Осы мақсатта 2023 жылдан бері Павлодар облысындағы «Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілерімен тұрақты түрде кездесулер мен түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл бастамалардың басты мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді ересек өмірге бейімдеу, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және олардың әлеуетін ашуға қолдау көрсету, – деді «Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасы Гүлшат Серікбекова.

Фото: дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button