Басты жаңалықЖаңалықтар
1990 жылғы сирек фото: Назарбаевтың қолына темекі ұстап тұрған сәті жарияланды
Сурет Назарбаевтың кейін Ресейдің вице-премьері болған экономист Григорий Явлинскиймен әңгімесі кезінде түсірілген
Саясаттанушы әрі журналист Сырым Иткулов 1990 жылы түсірілген сирек фотосуретті жариялады. Кадрда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолына темекі ұстап тұрған күйде бейнеленген, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Иткуловтың айтуынша, сурет Назарбаевтың кейін Ресейдің вице-премьері болған экономист Григорий Явлинскиймен әңгімесі кезінде түсірілген. Бір жылдан кейін Назарбаев Явлинскийді өзінің экономикалық кеңесшісі қызметіне шақырған. Ол сол кезеңдегі нарықтық реформаларға арналған әйгілі «500 күн» бағдарламасының авторларының бірі болған.
Өз естеліктерінде Нұрсұлтан Назарбаев Явлинскийдің кәсіби біліктілігін жоғары бағалаған.
«Мен Явлинскийді экономикалық кеңесшім етіп тағайындадым. 1991–1992 жылдары оның тобы Қазақ КСР Министрлер кабинетімен нәтижелі жұмыс істеді. Олар өз ісінің кәсіби мамандары еді. Елдегі аласапыран кезеңде біздің іс-қимылымызды жүйелеуге көмектесті», – деп жазған Назарбаев.
Алайда кейін Григорий Явлинский бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, ол Назарбаевпен жұмыс істеуден бас тартқан, өйткені өзін реформалардың басталғанын көрсету үшін ғана пайдаланбақ болған деп есептеген. Соның салдарынан олардың ынтымақтастығы бір жылға да жетпеген.
Кейін Қазақстан билігімен Борис Немцов, Джеймс Гиффен, Чан Янг Бен және Москович секілді шетелдік кеңесшілер де жұмыс істеген.
2015 жылы кезектен тыс президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев 1990-жылдардың басында неге қалтасына темекі салып жүргенін түсіндірген еді. Оның айтуынша, Кеңес Одағы ыдырап, ел ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешірген шақта күйзелістің әсерінен темекі шеге бастаған.
Назарбаев студент кезінде мүлде темекі тартпағанын, алайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әріптестерімен және шетелдік делегация мүшелерімен жұмыс мәселелерін талқылау үшін бірге сыртқа шығып, сол кезде бұл әдетке бой алдырғанын айтқан. Кейін ол темекіден толықтай бас тартқан.
20.12.1990/РИА Новости/Владимир Федоренко