Дариға Бадықова отбасында ұл бала дүниеге келгенін айтты
Ол нәрестеге өзі басқа есім ұсынғанын, бірақ отбасылық шешіммен басқа есім таңдалғанын атап өтті
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасында сәби өмірге келгенін хабарлады, деп хабарлайды NewsMedia.kz Politico.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, анасы немерелі болып, өзі інілі болған. Желіде ақжолтай жаңалықты бөліскен актриса сәбиге ақ тілегін жаудырды.
“Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірАли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол!”, – деп қуанышымен бөлісті өнер иесі.
Сондай-ақ Дариға Бадықова нәрестеге өзі басқа есім ұсынғанын, бірақ отбасылық шешіммен басқа есім таңдалғанын атап өтті.
“Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп, үйде бір ришат қыз осы есімді қойды. Еее жарайды дедік”, – деп жазды ол.



