Басты жаңалықЖаңалықтар

Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысқан

Бүгін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстанда барлығы 12 623 289 азаматтың дауыс беру құқығы бар.

Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысқан. Бұл – сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ы.

Оның сөзінше, бес партия бес пайыздық межеден өтті:

  • “Әділет” – 71,17% дауыс;
  • “Ауыл” – 6,26%;
  • Respublica – 5,56%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11%;
  • “Ақ жол” – 5,21%.
құрылтай сайлау нәтиже
Фото: ОСК

Қазақстанның Халық партиясы 3,11% дауыс жинаса, “Байтақ” жасылдар партиясына сайлаушылардың 1,07%-ы дауыс берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button