Талғарда тағы да шу: Наубайхана иесін пышақтап өлтірген
Полиция 13 рет пышақ сұғылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

Алматы облысында екі адам арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Әлеуметтік желіде Талғарда нан сататын орынның иесін 13 рет пышақтап өлтірді деген ақпарат тарап жатыр.
Алматы облыстық Полиция департаменті адам өлтіру дерегін растағанымен, 13 рет пышақ сұғылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Полиция таратқан мәліметке қарағанда, қазір кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толық мойындады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жәбірленуші мен күдікті арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан күдікті ер адамға екі рет пышақ сұғып алған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған, — деп хабарлады департаменттен.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.



