Басты жаңалықЖаңалықтар
Тоқаев Ерлан Қариннің жаңа қызметіндегі міндеттерін айқындады
Ол вице-президенттің алдына бірқатар нақты міндет қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды NewsMedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Ол вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.
Айта кетелік Құрылтай вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдаған болатын.



