Басты жаңалықЖаңалықтар

Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsMedia.kz.

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Токаев
Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
игры

Басқа жаңалықтар

Back to top button