Басты жаңалықБілім

Мектеп бағдарламалары «теңге» атауына сәйкестендіріліп жатыр – министр

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, оқу материалдарын қайта басып шығару бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жұмыс кестесі әзірленген

Қазақстанда мектеп бағдарламалары мен оқулықтар жаңа Конституция талаптарына сәйкестендірілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында министрден ұлттық валютаның атауын бұдан былай «тенге» немесе «теңге» деп жазу керек пе деген сұрақ қойылды. Сондай-ақ бұл талап орыс тіліндегі мәтіндерге де қатысты бола ма деп сұралды.

Жұлдыз Сүлейменова Конституцияда ұлттық валютаның атауы қазақ тіліндегі «ң» әрпімен — «теңге» деп жазылғанын атап өтті.

Конституцияда “теңге” “ң” әрпімен жазылған. Сондықтан қазір барлық оқу бағдарламалары мен оқулықтарымыз соған сәйкестендіріліп жатыр, — деді министр.

Журналистер бұл талап орыс тіліндегі БАҚ-қа, басылымдарға және оқулықтарға да қатысты бола ма деп нақтылады.

Сүлейменованың айтуынша, оқу материалдарын қайта басып шығару бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жұмыс кестесі әзірленген. Бұл ретте оқулықтардың онлайн нұсқалары да жаңа талапқа сәйкестендірілмек.

Алайда министр барлық оқулықта «теңге» деген жазу қашан толық енгізілетінін нақты айтқан жоқ. Оның сөзінше, тиісті жұмыс кестесі журналистерге қосымша ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button