Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген

Эльдар Толғанбаев Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.
2005-2006 жылдары – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.
2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.
2008-2012 жылдары – бас кеңесші; Премьер-министр кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.
2012-2016 жылдары – Президент жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары – Парламент Мәжілісі төрағасының кеңесшісі.
2019 жылы жеке құрылымда жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары – “Алматы қаласын дамыту орталығы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020-2022 жылдары – “Almaty телерадиокомпаниясы” АҚ бас директорының бірінші орынбасары.
2022 жылы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.
2023–2024 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2024 жылдан бастап Үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.



