Жаңалықтар
Екеуі де қаза тапты: Астанада әйел 15-қабаттан бала жатқан арбаның үстіне құлады
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатының терезесінен әйел секіріп кетті. Оның қайтыс болар алдында түскен видеосы жарияланды6 деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен.
Құлаған кезде екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала көз жұмды. Әйел де қаза тапты, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



