Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 38-орынға сырғыды

Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 34-орын алған еді

Қазақстан халықаралқ бәсекеге қабілеттілік рейтингінде позициясын төмендетті. Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған 2026 жылғы жаһандық рейтингте Қазақстан 38-орынға жайғасты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 34-орын алған еді. Осылайша, бір жыл ішінде елдің көрсеткіші төрт позицияға төмендеген.

Рейтингтегі жекелеген көрсеткіштер бойынша жағдай әркелкі. Мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігі бойынша Қазақстан 23-орында тұр. Бұл бағыттар елдің рейтингтегі ең жоғары нәтижелерінің қатарында.

Ал экономикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан 57-орынға жайғасқан. Инфрақұрылым саласында еліміз 43-орыннан көрінді.

Соған қарамастан Қазақстан бірқатар дамыған елді басып озады. Атап айтқанда, рейтингте Қазақстан Испания, Португалия, Польша, Италия және Түркиядан жоғары орналасқан.

2026 жылғы рейтингтің көшін Сингапур бастады. Үздік үштікке Гонконг пен Швейцария да кірді.

Ал рейтингтің соңғы орындарында Моңғолия, Ботсвана, Нигерия, Намибия және Венесуэла тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Global Peace Index 2026 жаһандық бейбітшілік рейтингінде 44-орынға көтерілген болатын. Ел өз көрсеткішін бес позицияға жақсартқанымен, ТМД елдері арасындағы көшбасшылықтан айырылды. Бұл рейтингте Өзбекстан 37-орынға көтерілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button