Басты жаңалықЖаңалықтар

26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Астанада түнде ауа температурасы +4...+6 градус шамасында болса, күндіз +11...+13 градусқа дейін жылынады

26 қыркүйек, сенбі күні Астанада жауын-шашын болмайды, алайда жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елордада күн құбылмалы бұлтты болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетіп, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түнде ауа температурасы +4…+6 градус шамасында болса, күндіз +11…+13 градусқа дейін жылынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button