Спорт

ҰЛТТЫҚ СПОРТ: АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Астана қаласында ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытушылар саны жыл сайын артып келеді. Бұл – елдік рухты жаңғыртып, ата-бабадан мирас болған асыл құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Астаналық спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстардағы табысты өнері ел мерейін үстем етіп, қаланың спорттық әлеуетін айқын көрсетті.

2025 жылы елордада ұлттық спорттың 10 түрі бойынша (асық ату, құсбегілік, жекпе-жек, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, бәйге, аударыспақ, көкпар, теңге ілу) оқу-жаттығу процесі тұрақты түрде жүргізілді. Аталған бағытта 165 жаттықтырушы, оның ішінде 46 штаттық маман, 15 034 спортшымен жүйелі жұмыс атқарып, жарыстарға қатысуды үздіксіз қамтамасыз етті.

Жыл қорытындысы бойынша астаналық спортшылар республикалық жарыстарда барлығы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 11 алтын, 13 күміс және 26 қола жүлде бар. Ал халықаралық ареналарда елорда намысын қорғаған спортшылар 26 медаль иеленіп, 13 алтын, 7 күміс және 6 қола олжалады. Бұл – жаттықтырушылардың табанды еңбегі мен спортшылардың қажыр-қайратының айқын көрінісі.

Халықаралық додаларда ерекше көзге түскен жетістіктер де аз емес. Дәстүрлі садақ атудан Оңтүстік Корея Республикасында өткен Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Осы құрам сапында өнер көрсеткен астаналық спортшылар Сабыржан Фариза күміс және қола медальдарға қол жеткізсе, Батихан Айкөркем қола жүлде еншіледі. Ал Тапенов Ербол алтын және күміс медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты.

Қазақ күресінен Түркістан қаласында өткен Әлем кубогында елордалық балуандар Дәулет Диас алтын, Алдаберген Нұрдаулет қола медаль иегері атанды. Сонымен қатар Қарағанды қаласында ұйымдастырылған Азия кубогында Айсағалиев Нұрдаулет қола жүлдені қанжығасына байлады.

Зияткерлік ұлттық спорт саналатын тоғызқұмалақтан да астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Нұржан Бибатыр Әлем кубогында алтын медаль иеленсе, Базаралиева Гүлнар Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Исатай Ақиқат алтын медаль жеңіп алып, ұлттық спорттың абыройын арттырды.

Ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты құсбегілік спортынан да жетістік жетерлік. Спортшы Күнтуған Арманбек Моңғолия Республикасында өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел намысын лайықты қорғады.

Сондай-ақ асық атудан Түркістан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен астаналық бес асықшы арулар Даниярова Камила алтын, Әуелбаева Назерке күміс медаль жеңіп алды.

Жалпы, 2025 жыл астаналық ұлттық спорт өкілдері үшін табысты әрі тарихи жетістіктерге толы жыл болды. Бұл жеңістер – ұлттық спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың, кәсіби жаттықтырушылар мен дарынды спортшылардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да елорда спортшылары биік белестерді бағындырып, ұлттық рухты асқақтата беретініне сеніміміз мол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button