Білім

ҰБТ-ға өтініш беру 22 желтоқсан басталады

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министірлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады.

Министрлік 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалатынын еске салды.

Талапкерлер міндетті үш пәннен және таңдауы бойынша екі бейіндік пәннен тест тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120.

Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі.

ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді (ең жоғары – 140 балл).

Басқа жаңалықтар

Back to top button