Спорт

Астанада «Жаңа жылдық марафон – 2025» өтеді

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше спорттық мереке ұйымдастырылады. 2025 жылғы 28 желтоқсанда Астанада «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» атты дәстүрлі спорттық іс-шара өтпек.

Марафон Триатлон паркінде ұйымдастырылады. Шара сағат 10:00 де басталады, ал қатысушыларды тіркеу 08:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл марафон тек спорттық сайыс емес, сонымен қатар жаңа жылды сергек көңіл-күймен, көтеріңкі рухпен қарсы алуға арналған мерекелік басқосу болмақ. Іс-шараға барлығы 1200 адамға дейін қатыса алады.

Қатысушыларды мерекелік атмосфера, спорттық рух пен жағымды эмоция күтіп тұр. Сонымен қатар жүгіріс барысында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Шараға қатысу  тегін.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты — тұрғындарды   салауатты өмір салтына баулу, қоғамдағы бірлікті нығайту және жаңа жылды белсенді әрі пайдалы форматта қарсы алу.

«Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» — бұл денсаулықты дәріптейтін, бірлік пен шаттыққа толы спорттық мереке.
Жаңа жылды бірге жүгіріп, бірге шынығып қарсы алайық!

Басқа жаңалықтар

Back to top button