ӘлемБасты жаңалық
Венесуэла президенті өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы сот отырысында Венесуэла президенті Николас Мадуро өзіне тағылған барлық айыпты мойындамады, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Айыптау құжатында төрт негізгі бап көрсетілген: есірткімен байланысты терроризм әрекеттеріне қатысу туралы келісім, автоматты қарулар мен жарылғыш заттарды сақтау.
Сот залында бейнетүсірілімге тыйым салынған, бірақ кейбір тілшілерге оқиға барысын жария етуге рұқсат берілді.
CBS News мәліметінше, Мадуро Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі сот ғимаратына түрме киімімен, аяқтарына кісен салынған күйде жеткізілген.
Онымен бірге жұбайы Силия Флорес те түрме киімінде көрінді.
Мадуро мен Флорестің қолдары бос болғандықтан, Мадуро өз қорғаушысымен амандаса алды, — деп хабарлады CBS News.
Фото: pexels.com



