Басты жаңалықҚоғам
«Рэкетир» фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин қайтыс болды

«Рэкетир» фильмі арқылы көрерменге танылған актер Мұрат Бисембин ауыр науқастан қайтыс болды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Ол 54 жасында көз жұмды. Актер бір жылдан аса уақыттан бері онкологиялық аурумен күресті. Соңғы уақытта оның жағдайы күрт нашарлап, инсульт алып, ауруханаға түскен еді.
Соңғы бір жарым жылда әкем мен анам көп қиындықтан өтті. Бір ауруханадан екіншісіне, клиникадан клиникаға, бітпейтін анализдер, емдеу, химия терапиясы, қалпына келу – барлығы артта қалды, – деп жазған еді актердің қызы желідегі парақшасында.
Фото: ашық дереккөз



