Басты жаңалықҚоғам

«Іріктеуден өтеді»: Үкімет қандастарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкіметтің 2025 жылғы желтоқсанда қабылдаған 2030 жылға дейінгі Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдан бастап жаңа тәртіп енеді.

Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғысы келетін шетел азаматтары, соның ішінде этникалық қазақтар, алдын ала іріктеуден өтеді. Яғни, олар мемлекеттік тілден тест, цифрлық сауалнама, уәкілетті органдардың тексеруінен өтіп, әңгімелесу керек, – дейді Аида Балаева.

Ал мемлекеттік қолдауға, яғни, квотаға үмітті қандастар үшін арнайы тәртіп бар. Яғни, Балаеваның айтуынша, мемлекеттік жеңілдіктер мен қолдау бағдарламаларын пайдалану үшін олар қандас мәртебесін рәсімдеп, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануы керек. Бұл – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Біз отандастарымызды мемлекеттік стратегияны ұстануға шақырамыз. Өңірлік квотаға кірген қандастар көшіп келген кезде 5 жылға әлеуметтік келісімшарт жасайды. Мемлекет оларға көшуге, баспанаға және жұмысқа орналасуға көмектеседі.Ал егер отбасы бес жыл өтпей басқа өңірге көшсе, алған көмекті қайтаруға тиіс, – дейді Балаева.

Дегенмен Қазақстанға көшемін деген қандастар мен шетелдіктер мемлекеттік қолдау алмай-ақ, жалпы тәртіппен, өзі қалаған өңірге көшіп келе алатыны белгілі болды.

Фото: Gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button