«Ақбаян психдиспансерде есепте тұр»: Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерек тарады

Атырауда Болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы барған журналист Жанат Молдашева бұрын көпшілікке белгісіз болған деректерді жариялады, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атырауда бүтін бір отбасы жоғалып кетті: күдіктіге іздеу жарияланды
Атырау облысындағы жоғалған отбасындағы екінші қыздың ізі табылды
Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы ел естімеген дерек шықты
Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты мәліметті бөлісті. Оның айтуынша, бұл ақпаратты ресми мекемелерден нақтылаған.
Полиция аса ауыр қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екенін бүгін ғана ресми жариялады. Әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансерде есепте тұр.
Осыған дейін құзырлы органдар Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев денсаулығына байланысты еш жерде есепте жоқ деп еді. Бүгін Ақбаянның жүйке ауруына шалдыққанын, есепте тұрғанын Денсаулық сақтау басқармасынан білдім, – деп жазды журналист.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Көрші елде нөмір қосылған»: Атырауда жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты
Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты
Аталған дерекке қатысты ресми органдар тарапынан әзірге қосымша түсініктеме берілген жоқ. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Коллаж: kznews.kz



