Басты жаңалықҚоғам

Шымкентте 21 жастағы бойжеткенді танысы көшеде пышақтап өлтірген

Шымкентте 21 жастағы бойжеткенді танысы пышақтап өлтіріп кетті деген күдік бар, оның денесі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан табылды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі 11 қаңтар күні кешке Төлеметов көшесіндегі тұрғын үй ауласынан табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері мен пышақ жарақаттары болған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол марқұмның бұрыннан танысы болып шыққан. Қазіргі уақытта оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: телеграм

Басқа жаңалықтар

Back to top button