Мәдениет

«Уәде берген жоқ қой»: Жазира Байырбекова күйеуіне ренжіп қалған

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі жазбасында отбасылық өмір туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Ол демалыс тақырыбын қозғап, тұрмыста кейде күткен дүниенің орындала бермейтінін астарлап жеткізген.

Демалысқа 1 аптаға барып келейікші десем, Жанболат барғысы келмеді. Өзім қызымды алып барып келейін десем, бөлек жүріп үйренбегенбіз. Ренжиін десем, санамдағы “шүкіршілік”, “қанағат”, “тәубе” жеңіп кетіп жатыр. Оның үстіне тұрмысқа шығарда шет елдерге қыдыртып тұрам деп уәде берген жоқ қой маған, – деп жазды әнші.

Жазбасының соңында әнші сабыр мен шыдамның бүгінде көп айтыла бермейтін қасиетке айналғанын меңзеп, оқырмандарына ой тастады.

Отбасы сабырмен, шыдамдылықпен сақталатыны соңғы кезде көп айтылмайтын болды, – деп түйіндеді әнші.

Жазира Байырбекова жазбасын «Сіздерде қалай?» деген сауалмен аяқтаған.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button