Басты жаңалықҚоғам

850 млн теңге: Астанада жедел жәрдем стансасында ірі ұрлық жасалған

Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем стансасының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу фактілерін анықтады.

Соның салдарынан жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру кесірінен пайдаланудан шығарылған.

Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді.  4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшы мен станция директоры ұсталды. Көрсетілген тұлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн теңге сомасында аса ірі залал келтірілген, — делінген хабарламада.

Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің «Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу», яғни ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 189-бабы 3-бөлігі 1), 2), 3) тармақтары бойынша сараланды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Фото: Астана әкімдігі

Басқа жаңалықтар

Back to top button