Мәдениет

“Әніңді айтып, тыныш жүре берсеңші”: Нұрлан имамның алдында уағыз айтқан Сәкен Майғазиев қызу талқыға түсті

“МузАрт” тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрлан имамның алдында діни уағыз айтқан видеосын жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрлан имам Сәкен Майғазиевтің айтқан сөздерін құптап, басын изеп отырды.

Осының тігісін жатыстыра алмай ма, көзін таба алмай тұрғаның қарашы” десек, Аллаға шүбә келтіргендей болады екенсің. Алла оны солай жаратты. Бірақ ол шығарған математикалық есептерді сен шығара алмайсың. Нұрекең білген хадистерді, сүрелерді мен білмеймін. Кейде бізде тәкаппарлық басып кетеді, – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі тәкаппарлықтың түрлі болатыны туралы өмірден алынған мысалды келтірді.

Екі ер адам судан өте алмай тұрған әйелді көреді. Бір еркек ұзақ ойланбастан әйелді арқалап, судың екінші басына өткізеді. Содан екеуі кетіп бара жатады. Бір уақытта екінші жігіт “Таңертеңгі тірлігің дұрыс болмады, сені тақуа, шариғаттың шегінен шықпайтын адам деп жүрсем, әйелге денең тиді ғой” деп айтады. “Сен сол әйелді әле көтеріп келе жатырсың ба? Ол ойды миыңнан шығарып таста, мен жамандық ойлаған жоқпын, көмектестім де кеттім. Ал сенің миың мен жүрегің әлі байланып тұр екен” деп жауап береді, – деді әнші.

Сәкен Майғазиевтің өзі кейіннен имамның алдында қысылмай діни әңгімелер айтқанына ыңғайсызданып қалғаны байқалады.

Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған менде жүрек жұтқан жігіт екенмін. Элиф Шафак деген жақсы көретін жазушымның айтқан сөзі бар: “Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді, бірақ Алла тағала осылай қалады” дейді. Сол себепті бір адамды бір адамнан кем санау – қателік. Керісінше, біріміз бірімізді толықтырып, жақсысын асырып, жаманын жасыру адамдығымыз болмақ. Бұл жерде соны айтқым келген, – деп жазды әнші.

Фото: Видеодан скриншот

Басқа жаңалықтар

Back to top button