Спорт

Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен айқасуға дайын екенін айтты

Ресейлік файтер, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев, қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болуы мүмкін жекпе-жегі төңірегінде әңгіме қозғады, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Ислам Махачев Шавкатпен октагонда кездесуге қарсы еместігін білдірді.

Оның айтуынша, бәрі қазақсандық спортшының дайындығына байланысты.

Шавкат ұзақ уақыт айқасқа шықпады. Бұл шешімді мен қабылдамаймын. Егер өзі дайын болса, неге жекпе-жек өткізбеске? Осы үзілістен кейін оған бірден үлкен айқас беру керек дегенді естідім, – деді Махачев “Матч Боец” Telegram арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында октагонға шыққан. Лас-Вегаста ұйымдастырылған UFC 310 турнирінде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Ал Ислам Махачев болса, жеңіл салмақтағы мансабын аяқтап, жартылай орта салмаққа ауысты. Жаңа дивизиондағы алғашқы үлкен сынағында ол австралиялық Джек Делла Маддаленамен чемпиондық белбеу үшін айқасты.

Дағыстандық спортшы 2025 жылдың 15 қарашасында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен UFC 322 турнирінде жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы чемпион атағын иеленді.

Фото: \UFC\Спорт Шредингера

Басқа жаңалықтар

Back to top button