Білім

«Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы мен төлемдерінің мөлшері қайта қаралуы мүмкін

Халықаралық бағдарламалар орталығында «Болашақ» халықаралық стипендиясының -өлшемдерін қайта қарау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, шетелде білім алып жатқан стипендиаттарға бөлінетін орын саны мен ай сайынғы төлем мөлшерін өзгерту мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісінің сауалына берілген жауапта айтылды.

Орталықтың нақтылауынша, қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиялар көлемін қысқарту мәселесі талқыланып, талданып жатыр.

Сонымен қатар, стипендиаттарға төленетін ай сайынғы қаржы көлемін қайта есептеу де күн тәртібіне шығарылған.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының мөлшерін айқындайтын шығыс нормалары бұдан 17 жылдан астам уақыт бұрын қабылданған және содан бері қайта қаралмаған. Осы аралықта инфляция деңгейі өсіп, тұрғын үй, тамақ пен қызмет көрсету құны айтарлықтай қымбаттады. Қазіргі кезде бұл мәселе бойынша кешенді талда жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Фото: inbusiness.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button