Бандиттер, олигархтар құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық орнатты – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қабылданған Құрылыс туралы жаңа заңды сынап, құжаттың нашарлығынан бұл салаға ешқандай қатысы жоқ мафиялар, бандиттер келгенін айтты, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Дегенмен депутат тұрғын үй құнының қымбаттауы немесе арзандауы тікелей кодекске байланысты емес екенін еске салды. Алайда заң арқылы құрылыс саласын жүйелеу көзделіп отыр.
Журналистің: «Құрылыс туралы заң қабылданғаннан кейін баспана бағасы өзгеруі мүмкін бе?» – деген сұрағына Мұрат Әбенов:
Менің ойымша баспана бағасының өзгеру-өзгермеуі тікелей кодекске қатысы жоқ. Дегенменде біз бұл саланы реттеп жатырмыз. Бұл заң нашар болғаннан кейін, ешқашан құрылысқа қатысы жоқ мафиялар келді, бандиттер келді, олигархтар келді. Олар бұл жерде сыбайлас жемқорлық орнатты. Тек қана парасы бар, танысы барлар үлкен тапсырыстарды алды. Жақсы құрылысшыларды шығарып жіберді. Менің қазіргі ойым: талапты күшейтсек, бұл салаға мықты мамандар келеді, мықты компаниялар келеді. Олар бәсекелестікпен бағаны реттейді деп ойлаймын, — деп жауап берді.
Фото: Мәжіліс



