Жаңалықтар

Бали аралында қазақстандық модель ұсталды: СІМ ресми түсініктеме берді

Сыртқы істер министрлігі Бали аралында Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бали аралында қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекованың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол барда ресейлік блогер Карина Фадееваға шабуыл жасады деген күдікке ілінген. БАҚ мәліметінше, сот тергеу жүргізіліп жатқан кезеңде Алтайбекованы 60 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Индонезия аумағында ҚР азаматының ұсталғаны фактісінен хабардар. Істің мән-жайы және қылмыстық-процестік сипаттағы өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Процестік мәртебе мен қолданылатын шаралар Индонезияның ұлттық заңнамасына сәйкес тек сол елдің құзырлы органдары тарапынан айқындалады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сыртқы саяси ведомство Қазақстанның Индонезиядағы елшілігі аталған азаматшаға өз құзыреті шеңберінде консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Фото: видеодан скрин

Басқа жаңалықтар

Back to top button