Бүгін Трамп, Путин және Зеленский үшжақты кездесу өткізеді
Зеленский ресейлік тарап ымыраға дайын болуы тиіс екенін атап өтті

Владимир Зеленский 23 қаңтарда Украина, Ресей және АҚШ арасындағы үшжақты кездесу өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕДІ?
Ол Украина-АҚШ-Ресей арасындағы техникалық деңгейдегі үшжақты кездесу 23-24 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктері аумағында өтетінін айтты.
Бұл туралы Зеленский Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Давос қаласында өткен панельдік пікірталастан кейін мәлім етті.
Владимир Зеленский бұл Украина, Ресей және АҚШ арасындағы алғашқы үшжақты кездесу болатынын атап өтіп, оның соғысты тоқтатуға жол ашатынына үміт білдірді.
Ертең және арғы күні үшжақты кездесу өтеді. Бұл мүлде диалог болмағаннан әлдеқайда жақсы, – деді ол.
Бұл пікірлер Зеленскийдің АҚШ Президенті Дональд Трамппен бір сағатқа созылған кездесуден кейін айтылды. Трамп өз кезегінде келіссөзді “жақсы өтті” деп бағалаған.
Украина басшысының сөзінше, бейсенбі күні украин делегациясы америкалық тараппен кездескен, ал одан кейін АҚШ өкілдері Ресейге аттанады.
«ПУТИН ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН ШЫҒАР»
Бүгін біздің команда америкалықтармен кездеседі, ертең америкалықтар ресейліктермен жүздеседі. Ал бүгін кешке не боларын білмеймін – бәлкім, Путин ұйықтап жатқан шығар, оның ойында не барын ешкім білмейді, – деді Зеленский.
Сондай-ақ ол ресейлік тарап ымыраға дайын болуы тиіс екенін атап өтті.
Барлығы компромиске дайын болуы керек, тек Украина ғана емес. Бұл біз үшін өте маңызды. Нәтижесі қандай боларын көреміз, – деді ол.
Алайда Зеленский келіссөздердің нақты форматы мен тараптардың тікелей байланысқа шығатын не шықпайтыны туралы мәлімет бермеді.
Еске сала кетейік, кеше Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Коллаж: tsn.ua



