Жаңалықтар

25 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Республика бойынша тұман түседі

Ертең, 25 қаңтарда елдің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады. Күндіз оңтүстік-батыс пен оңтүстікте аралас жауын-шашын – жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталық өңірлерде боран болжанып отыр. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал, ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні күшті жел соғады.

 

Фото: Santi Otero/EPA-EFE

Басқа жаңалықтар

Back to top button