Жаңалықтар

Рудныйда кісі өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген жасөспірімдер ұсталды

Бұл туралы қала әкімі Виктор Ионенко мәлімдеді

Рудныйда кісі өлтірді деген күдікпен бүкіл Қазақстан бойынша іздеуде жүрген екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Рудныйда екі жасөспірім 19 жастағы жігітті өлтіріп кеткен

Бұл туралы қала әкімі Виктор Ионенко мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктілер – 2008 және 2009 жылы туған кәмелетке толмағандар. Қылмыстық іс 23 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша қозғалған.

Қала басшысы марқұмның жақындарына көңіл айтып, күдіктілердің тергеу органдарына тапсырылғанын жеткізді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс ҚР Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облысы полиция департаментінің бақылауында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Рудныйда болған қылмыс туралы ақпарат тараған. Instagram-парақшалардың бірінде марқұмның жас жігіт екені, ал күдіктілер екі жасөспірім болуы мүмкін екені жазылған.

Фото: pexels

Басқа жаңалықтар

Back to top button