Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде мерзімді әскери қызметші қаза болды

Ол өзіне бекітілген қарудан оқ атқан

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Алынған жарақаттан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды NewsMedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтауда сарбаз жол апатынан қаза болды

«Жүрегі тоқтап қалған»: Шымкентте сарбаз қайтыс болды

Ведомство мәліметінше, қаза тапқан әскери қызметші 2025 жылғы сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында жүргізіледі. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнында генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер басшылығы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Фото: ozgeris.info

Басқа жаңалықтар

Back to top button