Спорт

«Заңсыз ротация жасауға тырысты»: Серік Сәпиев жанжалдың себебін айтты

21 қаңтарда боксшы мен оның орынбасары арасында кикілжің болып, көпшілік оның себебін білмей келген еді

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдіріп, оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Еске салсақ, 21 қаңтарда боксшы мен оның орынбасары арасында кикілжің болып, көпшілік оның себебін білмей келген еді. Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жағдайға қатысты толық мән-жайды жазды. Оның айтуынша, даудың себебі жеке бас мәселесі емес, қызметтік келіспеушілікке байланысты болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрған»: Олимпиада чемпионы үн қатты

Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрған

Жағдайды анықтап айтқым келеді: бұл жеке басыма немесе тұрмысқа қатысты дау емес. Бұл – өңірде жасырын ықпалы бар белгілі бір тұлғалардың қарсылығы. Менің хабарымсыз облыстың спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ауыстыру (ротация) әрекеті жасалды. Мен мұны байқаған кезде, оның жолын бейбіт түрде кесуге тырыстым. Ашық айтамын: ешқандай арандатушылық Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды іске асыруға деген менің табандылығымды мұқалта алмайды. Баршаңызға рақмет, — деп жазды ол.

Фото: shyndyk.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button