Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға сотталуы мүмкін
Жамбыл облысында болған жол апатындағы қылмыстық іс 6 ай өткен соң тергеудің белсенді сатысына көшті

ІІМ вице-министрі Санжар Әділовтің айтуынша, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысу кезеңінде тұр, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Жамбыл облысында болған жол апатындағы қылмыстық іс 6 ай өткен соң тергеудің белсенді сатысына көшті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шавкат Рахмоновтың әйелі екі адам көз жұмған жол апатына күдікті деп танылды
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК 245-бабы, 4-бөлігі бойынша тергелуде. Бұл бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттерге қатысты қолданылады. Кінәсі дәлелденсе, жауапты тұлға 5 пен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айрылуы ықтимал.
Бауырымның отбасына алаңдап, хабарласып жатқан жандардың баршасына Алла разы болсын. Ешкім мұндай сынаққа тап болмасын. Ертең не боларын бір Алла біледі. Алла Гүлайымды сақтасын. Ол бірден екі жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды, – деп жазды спортшының қарындасы Сора Рахмонова.
Коллаж: Sn.kz



