Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Күн сайын ақша сұрап хабарласқан»: Өскеменде қаза тапқан сарбаздың туыстары ұлдарының өзіне қол салғанына сенбейді
Ақтауда сарбаз жол апатынан қаза болды
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген.
Сарбаздың қаза тапқанын Бас прокуратура растады.
27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында, – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.
Фото: ашық дереккөз



