Басты жаңалықҚоғам

Енді балалар ата-аналарына қамқорлық жасауға міндеттелуі мүмкін

Закиеваның айтуынша, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұрпақтар арасындағы өзара жауапкершілік туралы норма ерекше маңызға ие

Конституциялық комиссияның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституцияда бекітуді ұсынды, деп хабарлайды NewsMedia.kz

Закиеваның айтуынша, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұрпақтар арасындағы өзара жауапкершілік туралы норма ерекше маңызға ие.

Конституция жобасындағы ұрпақтардың өзара жауапкершілігі туралы бап ережесі кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін бекітеді. Бұл норма тек құқықтық қана емес, сонымен қатар терең адамгершілік әрі құндылықтық мәнге ие, – деді Закиева.

Балалар омбудсмені мұндай тәсіл отбасылық ынтымақ, өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Фото: depositphotos.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button