«Қазгидромет» 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
Астанада ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -7-9°С

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада аяз сақталса, оңтүстік мегаполистерде күн жылынады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Астана
30 қаңтар: Күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -7-9°С.
31 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С.
1 ақпан: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -17-19°С, күндіз -5-7°С.
Алматы
30 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -1°С-тан +1°С-қа дейін.
31 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +1+3°С.
1 ақпан: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +5+7°С.
Шымкент
30 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +1+3°С.
31 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +8+10°С.
1 ақпан: Күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков



