Білім

Алматыда ресейлік мектептің құрылысы басталды

Путин Қазақстанда ресейлік оқу орнын ашу мәселесін Тоқаевпен алдын ала келіскенін атап өтті

Қазақстанда ресейлік “Сириус” білім беру орталығы ашылады, деп хабарлайды NewsMedia.kz

ТАСС агенттігінің мәліметінше, 17 қаңтар күні Алматы қаласында I Таланттар саммиті аясында дарынды балаларға арналған ресейлік “Сириус” мектебі мен Білім беру орталығы филиалының іргетасын қалау рәсімі өткен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Путинге алғыс айтты»: Солтүстік Қазақстанда семинар өткізіліп, Ресей рәміздері дәріптелген

Федералдық “Сириус” аумағы кеңесінің төрағасы Елена Шмелева “Сириус” орталығының Қазақстандағы жоспары туралы Ресей Президенті Владимир Путинге баяндама жасаған.

Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты тек күшейте береміз, бірлескен бағдарламалар жасаймыз. Қазақстан – біздің ең жақын одақтасымыз, қарым-қатынасымыз стратегиялық сипатқа ие. Сондықтан посткеңестік кеңістікте алғаш болып Қазақстан дарынды жастармен жұмыс істеуге арналған “Сириус” білім беру орталығы мен халықаралық мектептің толыққанды моделін құрып отыр, – деді Шмелева.

Путин Қазақстанда ресейлік оқу орнын ашу мәселесін Қасым-Жомарт Тоқаевпен алдын ала келіскенін атап өтті.

Керемет! Құттықтаймын! Өте жақсы жаңалық, атқарылған жұмыс та, қол жеткізілген нәтиже де жоғары деңгейде. Негізі, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ресейге келген кезде, “Сириустың” жұмысымен танысу барысында уағдаласқан мәселелеріміздің нақты жүзеге асуы, – деді Владимир Путин.

Айта кетейік, “Сириус” білім беру орталығы 2015 жылы Сочи қаласындағы Олимпиада инфрақұрылымы негізінде ашылған. Орталық Владимир Путиннің бастамасымен құрылған және оның қамқорлығында жұмыс істейді.

Фото: Ақорда

Басқа жаңалықтар

Back to top button