Басты жаңалықСпорт

Елена Рыбакина Australian Open-2026 чемпионы атанды

Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, кейінірек қуып жетіп, соңында жеңісті жұлып алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Финалдық кездесуде Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:4.

Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, кейінірек қуып жетіп, соңында жеңісті жұлып алды.

Бұған дейін Australian Open-2026 турнирінде Рыбакина келесі қарсыластарды жеңген:

  • Кайя Юван (100-орын) — 6:4, 6:3;
  • Варвара Грачева (77-орын) — 7:5, 6:2;
  • Тереза Валентова (54-орын) — 6:2, 6:3;
  • Элизе Мертенс (21-орын) — 6:1, 6:3;
  • Ига Швентек (2-орын) — 7:5, 6:1;
  • Джессика Пегулу (6-орын) — 6:3, 7:6.

Еске салайық, бұл Рыбакинаның “Үлкен дулыға” турнирлеріндегі екінші титулы. Ол 2022 жылы Уимблдон чемпион атанған болатын.

Фото: sports.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button