Жаңалықтар
Дариға Назарбаева Астана – Алматы бағытындағы тұрақты рейсте көзге түсті
Блогердің айтуынша, онымен бірге оққағары еріп жүрген

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар рейсінде көзге түскен. Бұл туралы танымал блогер Әлішер Елікбаев жазды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Оның жазуынша, Дариға Назарбаева Астана – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсте, бизнес-класста ұшқан.
Оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле салысымен ұйықтап кеттім, қонарда оянсам, жанымдағы орындықта Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып келе жатыр екен, – деп жазды Әлішер Елікбаев.
Блогердің айтуынша, Назарбаевамен бірге оққағары еріп жүрген.
Фото: Әлішер Елікбаев



