Жаңалықтар
СҚО-да жан түршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі қаза болды
Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты «Мамлютка-Қостанай» тас жолында жол апаты болып, Audi көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Оқиға 8 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мамлютка-Қостанай» тас жолында болды. Соқтығыс салдарынан Audi жүргізушісі қаза болды. Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеріп, көліктерінің қалыпты жағдайда болуын қадағалау керектігін ескертті.
Фото: әлеуметтік желі



