Басты жаңалықЖаңалықтар
“Диагнозы құпия”: Сара Назарбаева госпитальдан шықты
Клиникада шамамен он ай емделген ол 2025 жылдың сәуірінде госпитальға түскен

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі 84 жастағы Сара Назарбаева Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальдан шығарылды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Мекеме өкілдері оның емдеу курсын толық аяқтап, қаңтар айында дәрігерлердің бақылауына өткенін мәлімдеді.
Денсаулық жағдайы, диагнозы және емдеу тәсілдері – дәрігерлік құпия, – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске салсақ, Сара Назарбаева клиникада шамамен он ай емделген, ол 2025 жылдың сәуірінде госпитальға түскен.
Фото: Nikita Bassov/AP



